Мектептің басты міндеттерінің бірі — оқушыларды жалпыадамзаттық қүндылыққа негіздей отырып тәрбиелеу. Осы орайда мектебімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, "Бөбек" Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдасдастыруымен 23 қараша - Жалпыадамзаттық Құндылықтар күніне орай "Үлгі болу - қызмет етудің ең тиімді жолы" атты тимбилдинігі өткізілді. Мектеп тренері Ихсанова Амина апай. Тимбилдингке мектебіміздің аға буын "Пионеры", орта буын"Ақиқат", жас буын "Жастар" ұстаздарынан құралған топтар өзара шаршы топта сынға түсті. Сайыс тапсырмалары 4 бөлімнен тұрды.Олар : "Су құю" каналы. "Арқан тартыс", "Дартс", "Шыңға шығу" . Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды ынтамақтастықта ұйымшылдықта бірлесе жұмыс жүргізді. Сайыс соңында жеңімпаз топтар анықталып арнайы дипломдармен марапатталды.