Жамбыл атындағы орта мектебі бойынша оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында жеке кәсіпкер «Мырзахметова А.У» асхананы 53, 47 ш.м орын жайды жалға алды. Мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Әкімшілік пен сынып жетекшілердің айрықша бақылауымен «Жалпыға ортақ білім беру қоры» есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады. Оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастыру мақсатында 2018 жылдың 29 тамызындағы мектеп директорының №116 бұйрығына сәйкес, қыркүйек айынан бастап 1-4 сыныптың 160 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілсе, жалпыға міндетті білім беру қорынан 5-11 сынып оқушылары арасынан аз қамтылған 40 бала тегін тамақтануда. Бір мезгілдік ыстық тамақ құны бір балаға шаққанда 235 теңге 20 тиынды құрайды. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Мектеп асханасында азық-түліктердің сапасын және ас мәзірінің қатаң сақталуын брокиражды комиссия бақылайды. Тамақтану үшін сабақ арасындағы 15 минуттық үзілістер ұйымдастырылды. Тамақтың сапасы, құнарлылығы, тамақтың дайындалуы талапқа сай. Асхана іші таза, жарық, санитарлық жағдайы стандартқа сай ұйымдастырылған, оқушылар қайнаған сумен қамтылған.











