Оқу ісінің меңгерушісі: М.Кушенова
|
Пәні: |
Қазақ әдебиеті |
|
|
Пән мұғалімі: |
А.Гилманова |
|
|
Сыныбы: |
6 |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Қазыбек бидің шешендігі |
|
|
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан – жақты тарихи екенін таныту. Оқушылардың танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту. Оқушыларды туған елін, жерін қадірлеуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазыбек би туралы мәлімет беру. |
|
|
Психологиялық ахуал |
Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
|
Өткен сабақты қорыту |
1. Төле биді халық арасында кім деп атаған? / Қарлығаш әулие/
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
|
Қызығушылықты ояту |
Шешендік нақыл сөздер арқылы топқа бөлу.
Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. |
|
|
Топтық жұмыс |
I топ «Би» деген атаққа әр қатар жан-жақты сипаттама беріп көрейік. II-топ Кім жақын? Эпифора- өлең тармақтарының соңында сөз немесе сөз тіркесінің қайталануы. III-топ Венн диаграммасы арқылы Төле би мен Қазыбек биді ұқсастықтары мен айырмашылықтары арқылы салыстыру. |
|
|
Ой толғаныс |
НЕ БІЛДІК? НЕ ҮЙРЕНДІК? |
|
|
Үйге тапсырма |
Билер туралы мәліметтер жинақтау. |
Күнделіктеріне жазып алады. |
|
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады. |
|
Кері байланыс |
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
|











